👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  32


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Сен Махамбет емессiң!

Сен Махамбет емессiң!
Самал желмен кеңестiң,
Тəмəм елмен тең өстiң.
Халық қамын емес,
Халық нанын жеп өстiң.
Сен Махамбет емессiң!
Қилы заман ұлысың,
Қиын күннiң тiлiсiң,
Қилы нарық құлысың.
Құлқыны үшiн тырбанған
Қоңыздардың бiрiсiң.
Көрген күнiң құрысын!
Сен Махамбет емессiң!
Жамандармен кеңестiң,
Жақсылармен тең өстiң.
Елiң қамын жеп емес,
Екi иiнiң жеп өстiң…
Сен Махамбет емессiң!
Найза алмадың қолыңа,
Малта алмадың жолыңа.
Қалшаумадың сорыңа,
«Еңiреп туған ерiм», деп,
Ел ермедi соңыңа,
Еңкерiлдiң торыға…
Сен Махамбет емессiң!
Қабырғаңмен кеңестiң,
Қатыныңмен шенестiң.
Қартайған жұрт алдында
Қалтырайды көмескiң.
Сен Махамбет емессiң,
Сен Махамбет емессiң!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы