Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  93


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жер бетiнде...

Жер бетiнде,
Жел өтiнде
Жүр адам.
Досы-дағы,
Қасы-дағы
Дiн аман.
Құдайынан
Құлатпауын сұраған.
Тағдырынан жылатпауын сұраған…
Жер бетiнде,
Жел өтiнде
Жүр пенде.
Жатынан да,
Жақыннан да
Тұл. Кенде.
Ол үйренген
Iзет етiп кiшiге.
Ол үйренген
Сəлем берiп үлкенге.
Жер бетiнде,
Жел өтiнде
Жүр мұңлық.
Көңiлi де,
Өмiрi де
Бiр күндiк…
Құдайым-ау,
Ғұмыр берме мың жылдық,
Қуаныш бер
Қуанатын мың күндiк…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу