Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  100


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жалғыз ауыл. Жалғыз жан.

Жалғыз ауыл. Жалғыз жан.
Көңiлге қайғы алғызған.
Шыны боп қатқан шықарда
Қызыл қолмен қар бұзған…
Жалғыз ауыл.
Жалғыз жан.
Отынын кiмге жарғызған?
Қолтықтан сүйер жан болмай,
Тəуекел iске барғызған…
Жалғыз ауыл.
Жалғыз жан.
Аумайды-ау, тəңiр, Нарқыздан,
Күн баласында жан жаурап,
Түн баласында тəн қызған…
Жалғыз ауыл.
Жалғыз жан.
(Көңiл күйiмдi сан бұзған)
Таныс бiр иiс келедi
Жаздағы жұлған жалбыздан…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу