Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  96


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Күз екенiн бiлмедiм...

Күз екенiн бiлмедiм,
Əлде көктем басталды?
Мұңым ба екен бiр менiң
Кезген бұлттар аспанды…
Сылбыраң ба күзгi бұл,
Əлде көктем нөсерi?
Сүрiп болдық бiз ғұмыр,
Бақыт қайда көшедi…
Күз көктемге ұласты,
Көктем жанын ұқпадым.
Көкте жайдың тiлi ащы,
Ойынан бiр шықпадым.
Мынау маусым қай маусым,
Мына жаңбыр қай жаңбыр?
Естiртпедi-ау Ай даусын,
Қап-қара түн қайдан жүр?…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу