Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  112


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қолшатырың қайтарайын, келе ғой...

Қолшатырың қайтарайын, келе ғой,
Қолың табын қайтадан бiр көре ғой.
Абайсызда ұмытқан да шығарсың?
Жорға құсап оңды-солды желедi ой…
Жаңбырлы аспан жас үмiттi оятты,
Жаз жамалын жасыл нұрға боятты.
Қолшатырың қайтарайын, келе ғой,
Күрсiнген көк кеудесiнен жай атты…
Абайсызда абайламай «кел» дедiм,
Көктегi үнге ұласады жердегi үн.
Есеңгiреп жүргенiмде егiлiп,
Еншiмдi алып қояды ылғи ел менiң.
Селдетуге серт берген бе мына аспан,
Қозғалмаған қолшатырын кiм ашқан?…
Бұл үйректей бұлқынады жүрегiм
Жалт ойнаған нажағайдың үнi осқан…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу