Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  87


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Бөлектоғай бар едi...

Бөлектоғай бар едi,
Бөлектоғай iшiнде ерек тоғай бар едi.
Балта ұстаған баланың балағынан шырмаған
Шабындықты шырғалап, шоқтана өскен тал едi.
Бөлектоғай бар едi,
Бөлектоғай бар едi.
Бөлектоғай иесi –
Шалғайына жабысқан шалдуарын тастамас,
Шоқша сақал шал едi.
Шүңiрек көз шал едi,
Шартпа-шұрттау пəле едi.
Шамдандырып тастайтын
Насыбайдың əлегi.
Саптыаяғы сары едi,
Түбi шұңғыл, тар едi.
Тал қабығын сыдырып,
Күлiн қосса – дəрi едi.
Ерiн асты томпайып,
Шақшасы сəл ортайып,
Қыздан туған жиенге
Қарайтұғын қартайып…
Қартайды да жөнедi,
«Қалдыңдар-ау» демедi.
Бөлектоғай iшiнде
Бөлек жатар жан едi…
Бөлек жатса, жөн едi,
Бөлек едi əдемi.
Бөлiп кеттi бұ жалған,
Болмаса да төлемi.
Шитөбеде ши қалды,
Намаз оқып болғандар,
Насыбайсыз қиналды…
Бөлектоғай бар едi,
Бөлектоғай иесi – шоқша сақал шал едi.
Бөлек өңiр əлдилеп, бөлек үнмен тербелген –
Басына əкеп қадаған қабығы шор тал едi…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу