Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  107


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Қарашада қайтқан қаздың қаңқылы...

Қарашада қайтқан қаздың қаңқылы,
Қарашаның қабақ түйген салқыны,
Қарағаштың желге шашқан алтыны,
Қамықтырып қоштасады жыл сайын…
Ығыр қылған күйбең тiрлiк ырғағы,
Ызың-қиқу бойымды алған бұлғағы,
Ырқымнан тыс сытырлаған сырғағы,
Жалықтырып қоштасады күн сайын…
Күн жүремiн, ай жүремiн, жыл жүрем,
Мың жылаймын, мың қуаным, мың күлем,
Дəм-тұзымның таусылмасын шын бiлем –
Анық бiлiп, алға асығам күн сайын…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу