Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  114


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Əлсiз өлең...

Əлсiз өлең –
Жансыз əлем.
Жүдедiм.
Қалай ғана қамсыз өлем,
Қалай қамсыз күлемiн?
Жансыз өлең –
Арсыз əлем.
Ашындым.
Қалай ғана қамсыз өлем –
Киесi ұрсын Қасымның!
Қансыз өлең –
Əрсiз əлем.
Өкiндiм.
Қолыңа ұста, қамшы берем –
Арамын сыл етiмнiң…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу