Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  85


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Солқылдаған сəмбi тал...

Солқылдаған сəмбi тал,
Жұпарыңды таң жұтар.
Жапырағың күз тонап,
Жел қуалап, қаңғыртар.
Желкiлдеген ақ қайың,
Саған ненi мақтайын?
«Жалаңаяқ қар басып
Тұрарсың», – деп тоқтайын…
Теңселетiн кəрi емен,
Iлiнiспе бəлемен –
Қақыратып қақ бөлiп,
От тигiзер шаламен.
Жанарсың да сөнерсiң,
Жазғаныңа көнерсiң.
Жаны, тəнi бар тiрлiк
Өнiп алып, өлерсiң…
Елiк үрген шоқ тоғай,
Торғай ұшқан топ тоғай,
Тура келген қызыл өрт
Қалай өтсiн таптамай…
Белуардан көк шалғын,
Бой түзедiң – жақсардың.
Топырлаған тұяқ кеп
Тiрлiк жаңа, өңi ескi.
…Су ақты да, жел естi,
Туар бiр күн таптар күн…
өзгерiс сап елер ең,
Сенiмен кiм кеңестi?…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу