Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  109


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

– Терезеден Ай көрдiм, апа...

– Терезеден Ай көрдiм, апа,
Шоқша сақал шал көрдiм, апа.
Қараң-құраң мал көрдiм, апа,
Түнерiңкi тал көрдiм, апа.
Қадалып қарадым, апа,
Шошынып барамын, апа.
Тiл-жақсыз қаламын, апа.
– Ай көрсең, аман көр, қозым,
Тұсыңа таман көр, қозым.
«Ескi айда есiрке» дегiн.
«Жаңа айда жарылқа» дегiн.
Таңдайың басайын, қозым,
Тылсымнан қашайын, қозым.
Түймеңдi ағытшы, қозым,
Жерұшық жасайын өзiм.
– Ай жүзiн жасырды, апа,
Ұйқымды қашырды, апа.
– Перiштең қолдайды, қозым,
Ұйықтамай болмайды, қозым,
«Бiсмиллə» айта ғой, қозым,
Жоламас сайтан ой, қозым!
– Бiсмиллə, бiсмиллə…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу