Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  120


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Сүт иiсi бұрқыраған Сұлуым-ай...

Сүт иiсi бұрқыраған Сұлуым-ай,
Қарсы алып қақпа алдында тұруын-ай.
Көрiнгесiн көзiне тiрi құдай,
Мойынын маған қарай бұруын-ай…
Сүт иiсi бұрқыраған Сұлуым-ай,
Жанының маған төккен жылуын-ай.
Буынының былқылдап босауын-ай,
Дымымның құруын-ай…
Сүт иiсi бұрқыраған Сұлуым-ай,
Мойыл қара көзiнiң күлуiн-ай.
Жаныма жақын келiп жантайғаны-ай,
Iштегiнi айтқызбай бiлуiн-ай…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу