Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  96


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Жаңбыр мен қары аралас...

Жаңбыр мен қары аралас
Қабарған аспан, қабақ аш.
Су сiңдi салмақ шыдатпай,
Қақырап түстi қарағаш.
(Жарамас, мұның жарамас)
Жаңбыр мен қары түйдектеп,
Шалғайын бұлттар сүйретпек.
Iсмердей iскер нажағай
Əдiптегенше иректеп,
Сүйретпек солай, сүйретпек.
Жаңбыр мен қары тоғысқан,
Жасының жасыл оғы ұшқан
Қатулы маусымнан кейiн
Қаулайтын болды жоңышқаң.
Қара шал, қане, «шүкiр» де,
Белгi жоқ сол бiр соғыстан.
Ақырмаштың алды бұл,
Бақтағы тоңып қалды гүл.
Шапанға оранып ұйықтаған
Шалдуарын иiскеп шал жiбiр.
Қардың басын қар алар,
Ғажап бiр маусым оралар.
Қара шал, қане, «шүкiр» де,
Жаныңды қинап, жаралар
Белгi жоқ сол бiр соғыстан,
Белгiсiз кеткiр, белгiсiз…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу