Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  102


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Алты аяқты аламенен ағызған...

Алты аяқты аламенен ағызған,
Жетi аяқты жиренменен жел қуған
Бабам шығып келе жатыр аңыздан –
Басқан iзiн уақыт деген сел жуған.
Алты аяқты аласы əлi тiрi екен,
Жетi аяқты жиренi əлi пiрi екен.
Қалғып кеткен қазақ қайта оянып,
Алматыда Абай болып тұр екен.
Ендi бүгiн егемендi ел екен,
Еңсе биiк, етек-жеңi кең екен.
Кеңдiгiңдi кемдiк көрген өзгемен
Қайтсем сенiң терезеңдi тең етем?…
Көкейiмде қордаланған көп ой бар,
Момынмын ба – жүзiмде де жоқ айбар.
Көзiн алып қашады кеп көлдерiм,
Естиiн деп елегзидi тоғайлар…
Кеңесейiк, келiсейiк, кел, бауыр,
Қалт-құлт еткен тiршiлiкке жел де ауыр.
Аңыздарым – абыздарым бердi аян,
Сырқат елге сөзден гөрi ем тəуiр…
Жылан жылғы жұртты көрген жұрт мынау,
Қу жоқшылық, қолды байлап, құрттың-ау…
Егемендi ел болса да, əттең-ай,
Егесiнен есiктегi ұрттылау…
Қайтсем сенiң терезеңдi теңеймiн?
Бұдан басқа не iстеймiн, не деймiн…
Мен халқыма кеңес салдым, иə, сəт,
Күнiн кешкен көңiлi мырза кедейiң…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу