Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  123


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Табаным жерге тиген күн...

Табаным жерге тиген күн –
Тəй-тəй басуды үйрендiм.
Маңдайым тасқа тиген күн –
Байқай басуды үйрендiм.
Қабырғада қаяу жоқ –
Қалың жұртқа сүйендiм.
Омыртқада буын жоқ –
Ояу жұртқа сүйендiм.
Тақым артып тарланға,
Ойлап-қырлап қыздырдым.
Ақыл айтып Нұрланға,
Ой-теңiзде жүздiрдiм:
«Еркек болып аттанған,
Ұрғашы боп оралмас.
Тектiлiгi мақталған
Өз басы үшiн жараламас».
«Жылан Бапы қамаған –
Жер астында кiм мұңлық?
Жер жыртығын жамаған –
Жер үстiнде кiм мұңлық?»
«Жүректей жерге от жағып,
Жұлындай түтiн шығардым».
Құйрықты жұлдыз өттi ағып,
Мен де өтетiн шығармын…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу