Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  124


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Күннен құдiрет қашқаны...

Күннен құдiрет қашқаны –
Қара бұлттың басқаны,
Қамырыққан көңiлдiң
Құлағаны аспаны…
Айдан айбын қашқаны –
Айдын көлдiң тасқаны,
Айдай аппақ көңiлдi
Ауыр мұңның басқаны…
Жұлдыздан жылт қашқаны –
Жаныңды бұлт басқаны,
«Жарығым» дер жұртыңның
Жабыққаны бостаны…
Қыздан ұят қашқаны –
Бауыр бетiн басқаны,
Ана шындап сасқаны,
Əке қанын шашқаны…
Ұлдан ұят қашқаны –
Албастының басқаны,
Шiрiгенi намысы,
Бұзылғаны жас қаны…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу