Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  111


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Тасқын, тасқын, тасқын су

Тасқын, тасқын, тасқын су
Тастақ толды томарға.
Қара өзекке қашқын, су,
Жер таппадық қонарға.
Отар, отар, отар қой…
Отықпады, ойпырмай!
Құр қарайған қотан ғой,
«Шəй!» – деп қойғын, жай тұрмай.
Қара, қара, қара түн,
Қабағыңнан қаймықтым.
Түнегiңдi жаратын
Жұлдыз күттiм, ай күттiм.
Желдеп өрiп кеттi отар,
Қайтар емес су дағы.
Кiм бар «қайт» деп тоқтатар?
Тастақ түгел шулады…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу