Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  79


Автор: Нұрлан МƏУКЕН

Есен бол, қарақ, есен бол,

Есен бол, қарақ, есен бол,
Есiрiп қалай кесем қол? –
Есенғұл бабам жебесiн,
Көкжиек тартсын көсем жол…
Сау болғын, қарақ, сау болғын,
Бiлмеймiн, кiмдi жау көрдiң? –
Лəмiңнен аз-мұз дау көрдiм,
Сау болғын, қарақ, сау болғын…
Есен бол, сау бол, күн жақсы!
Қоштасар өстiп шын жақсы.
Бойыңда қалсын бiр жының,
Бойымда қалсын мың бақсы…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу