Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  92


Автор: Ұмтыл Зарыққан

Мадақ жыры

Мен көшпенді ұлымын.
Қара жер – шаңырақ,
Көк аспан – түңлігім.
Тамырымда тасиды
Қара Ертіс,
Қарт Алтай – кіндігім.
Жаурыным – дештінің даласы,
Жон-жотам – Қаратау сағасы.
Маңдайым – күн сүйген Сарыарқа,
Таңдайым – домбыра шанағы.
Орақ ай – от садақ,
Найзағай – жебесі,
Көкше мен Хантəңір – көбесі.
Астымда аймаңдай
арғымақ кісінер,
Жер тіреп
жез тұяқ,
Көк тіреп төбесі.
Маған құл болуға арымас,
Айнала көк көздің еркектісі.
Маған күң болуға жарымас,
Қысық көз əзіздің етектісі.
Көк Тəңір – панасы.
Көк Түрік – анасы.
Мен көшпенді баласы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу