Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  121


Автор: Ұмтыл Зарыққан

Махамбетке

Абыздардың...
Қайран, соңғы ақыны.
Аңыздардың...
Қайран, соңғы батыры.
Жасыл шарда жай ойнаса жап-жасыл,
Сенің соңғы семсеріңнің жарқылы.
Алатауға сыймай ұшқан ақсұңқар.
Қаратауын қимай ұшқан ақсұңқар.
Көк аспанда күркірейді күндей боп,
Сенен қалған жарау тұлпар, ақ тұлпар...
Найза ұстаған саусақтарың сасқанда,
Ай тұтылып тұрып алды аспанда.
Енді, міне, күн тұтылды...
Жұтылды.
Бүкіл қазақ сені тастап қашқанда.
Көзіңді бер,
Сөзіңді бер,
Сезімді,
Мен айтайын енді қалған сөзіңді.
Шұрық-шұрық жүрегіңнен қарасам,
Кешіре сал,
Кешірілмес «еріңді».
Қызғыш құстар көлін жоқтап ақпанда,
Дулығаңды əрең іздеп тапқанда.
Əлі де ата,
Кесер қылыш бізде көп,
Сенің басың қайта «өсіп» шыққанда.
О, Махамбет!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу