Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  88


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Орман қалар, қисаймастан бір қылы,

Орман қалар, қисаймастан бір қылы,
Арман қалар, ашылмастан бір гүлі...
Жамалы – жас, қызыл-жасыл дүние-ай,
Көзден бал-бұл ұшасың-ау бір күні!
Өшер мың нұр таң жұлдызы жанғанда әр,
Түгесілер жерден, көктен алған нәр.
Жер томпайтқан бір-бір төмпек, бейіттер...
Бәрі де орта жолда үзілген армандар.
Адамда - өмір, ал әлгі ажал мергенде – оқ,
Шаһит кешті қаншама жан шерден көп,
Бәрі арманда кетті, арсыз өлімге
Бірі де оның ризалығын берген жоқ.
Өкси-өкси өмір кетті көзінде,
Санада өшіп, семіп жатты сезім көп.
Бәрібір ғой: безін, мейлі безінбе...
Өмірді өлім табады екен өзі іздеп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу