Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  86


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Бұл Құдай пендесін

Бұл Құдай пендесін
Есіркеп, ескерсін.
Жасырам мен несін,
Сүйем, ал... не істерсің!
Ерніңе сүліктей
Қадалып... ал сүйдім!
Сені іздеп, біліп қой,
Сол жағым шаншиды.
Бұ құрғыр сезімді
Күй қылып шертеміз.
Жоғың тез сезілді
Қайдасың, ерке қыз!?
Жаныңда жүрсем де,
Көзіңді салмайсың.
Көңілім – бір сенде,
Сен... бөтен жандайсың.
Өзісің бақыттың,
Сен үшін құт ем мен.
Созбайық уақытты,
Дәл қазір... күтем, кел!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу