Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  73


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Ақын жүрегінің шуағы

Құмның бір өскен еді ол қолатында,
Жиделер әр жаз сайын гүл ашатын.
Жыры мен сырын алғаш дала тыңдап,
Жайды елге жел күбірлеп Күләш атын.
Ұяңдау, гүлдей нәзік қыз десек те,
Мұң іліп кірпігіне бүр ашатын.
Ел-жұртын күнде еске алып түзде, шетте
Ілкі үні ұлт үніне ұласатын.
Тілегін қоса өріп тілегімен,
Үлкенге, кішіге де сыр ашатын.
Өткізер елдің мұңын жүрегінен
Айтатын сіңлілеріне сұраса-ақыл.
Сол үшін керек кезде отқа айналып,
Серт ұстап семсер-сөзді сынасатын.
Жүретін базбіреуге жақпай қалып,
Дерті -өлең, жүрегі-шер, «кінәсі» -ақын!
Өршіл ол, бойында бар аруақты құт,
Бас ұрмас алдына кеп ұнаса кім.
Көп жерде ақындарын ардақ тұтып,
Аялай алмай жүр ғой, рас, әкім.
Арлы ақын, ару ақын, асау ақын,
Өткізген Бозарықта бұла сәтін.
Бұлақтай Үшаралдан бас алатын,
Сонан соң ұлы айдынға ұласатынІ
Елді ойлап, ұмытатын бас қамын да,
Алдымен ауыл жайын сұрасатын.
Қырандай алпыс-шыңның асқарында
Саңқылдап үн қатады Күләш ақынІ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу