Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  92


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Өле ғашық болдым-дағы Өлеңге...

Өле ғашық болдым-дағы Өлеңге,
Содан тауып сұлулықты жоқ емге.
Қоңыраулы күймемен ап жөнелгем,
Жыр-арудың жел боп тимей бетіне
Содан бері өбектеумен келем мен!
Сол бір жырдың сипатпайтын бұрымын
Таудан биік болса деп ем тұғыры...
Ол, ол... менің суішкілік ғұмырда
Лайланбайтын тұнығым.
Мөлдіреген жанарына Музаның
Мұң үйірілтіп жүрмесе де қу, зәлім.
Көбейді су, күріш кеміп күрмекке,
Қосылды да кетті ел у-ду дүрмекке.
Сол біреу мұң жүрек қозғап, жыр емес,
Қаламымнан қан төгілді дірдектеп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу