Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  82


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Аяулы әуен

Өмір жолын әу баста жалғыз көріп,
Алыппын мен сезімді арда ақтарып.
Торабында тосылып қалды іздерім
Кететінін кім білген тармақталып.
Бас-аяғы ойлаппын бір-ақ ән деп,
Жалғыз-ақ жол жыр еді мына менде.
Табанымнан таусылдым қуалаумен,
Өмір болса, жырлап тұр мың әуенмен!
Бойымда күш, әл-дәрмен қалмағанда,
Қолыма кеп қонса ғой қармағанда.
Адамдардың екен-ау арманы арда,
Құшағың не, сыймайтын сан жанарға.
Өмір жайлы бір-ақ ой мына менде,
Сол ой дәйім талпынтып тұрады өрге.
Қуалаумен сол ойды, сірә, мен де
Айналып-ақ кетермін бір әуенге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу