Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  85


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Ақын жүр...

Ақын-сорлы... Көрді ол не?
Орын тимей төрден де,
Көкте – Тәңір, жерде-елге
Үні жетпей шерменде.
Жатыр оны кім ұғып?
Жүргені сол бұйығып.
Өкініші, өксігі
Алқымына тығылып.
Ақында өшті от кейбір,
Солды солай көктей бүр.
Жүрегінен шыққан сөз
Жүректерге жетпей жүр.
Ешкіммен де таласпай,
Қоғамы да қараспай,
Өзін-өзі өлеңмен
Жұбатудан әрі аспай.
(Білер дейсің, сірә, кім)
Сезімдері сұрапыл,
Аты, заты байқалмай
Арамызда жүр Ақын!
Саусақтары талды құр,
Уға айналды бал ғұмыр.
Оқымады оны ешкім


Тартпасында қалды жыр...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу