Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  90


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Ақтаспа жол

Ақтаспа жол жатты аяғым астында
Ақжем болып түтіліп.
Мінгі атындай кәрінің де, жастың да,
Жатпайды ол бойын күтініп.
Терсіңді боп, тебінгісі шіріген
Ақтаспа жол – жауыр ат.
Мен келемін сондай жолдың бірімен,
Алуан ой баурап.
Таң да аппақ көрінеді нұрлы өрден,
Түмен жырым, түзде өріл!
Алмастырар едім жолды бір жолмен,
Адасады-ау іздерім.
Ақтаспа жол, ақтаспа жол...
Өрт алсын!
Не бар сенің алдыңда?
Бүйірің соғып, әлі-ақ желе-жортарсың
Жеткеніңше даңғылға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу