Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  145


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Қызықтарға ғажайып куә бал шақ...

Қызықтарға ғажайып куә бал шақ,
Енді оралмас-мейлі, еске ал жылап, аңсап!
Қаперсіз боп тудық па, құдайым-ай,
Қиялға еріп, қудық па туа мансап.
Балалықты жоғалттық көңіліміздегі,
Құмыр құсша таң сайын тұрар ән сап!
Қайтерсің, жад нәпсімен дуаланса,
Мансап қудық сүрініп, құлағанша!
Мойнымызға жүктеген күнә қанша!
Арылар ма екенбіз мұңнан бір сәт,
Көзімізді жасқа бір бұлап алсақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу