Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  102


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Зәһар

Бейғамдық бар жүзімде.Ал...
ұлыйды ішім,
Анамды іздеп төрт бөлген түн ұйқысын.
Өлгенім жоқ-анасыз кештім ғұмыр,
Көргенім жоқ тағдырдан шыли қысым!
Зулайды ағып Уақыт, тоқтасын ба,
Салады әлі ол біздерді отқа,сынға!
Үн қата алмай, датыңды тыңдата алмай,
Бізге де аяй қарайсың көк тасыңда!
Өткізе алмай сөзіңді ұл, келінге,
Өпкізе алмай жүзіңді күнге, гүлге.
“Ауылым”деп барғанда не опа таптың
Түбі осылай боларын білмедің бе?
Басқа түссе, неге де “құлдық” едің,
Дәрігер де дерттің кеш білді ме емін.
Сені, анашым, күте алмай... өлімге де
Қолдан беріп алдық па, кім біледі?
Сен жайлы жыр өшті ме, басталмай шын,
Дәурен ауып кетті ме бастан байсын.
Екі дүние шегінде арпалысып,
Әлім-берім халде әлі жатқандайсың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу