Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  97


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Балапан-болмыстың қауызы аршылды үр...

Балапан-болмыстың қауызы аршылды үр,
Аузынан ақ уыз-төгіліп өлеңі,
Күн мен түн теңеліп,тәбәрік-тәмсіл нұр
Көкорай көктемді көтеріп келеді!
Көктемді қондырып жұпарлы төсіне,
Көкірегі күмбірлер наурыз-ниеттен,
Ертегі дүниенің салтанат көші де,
Созыла-созыла жетті көк жиекке!
Мың-мың бүр оянды үмітпен үкілі,
Дірдектеп нөсердің селіне малшынған.
Мың-мың құс әуені,мың жүрек лүпілі


Ұлуға толғатқан,Ұлысым, даусыңда!
Бүлк-бүлк сезімі қарттың да, жастың да,
Алағай-бұлағай бұзылған бүтін сең.
Таңда көз аштың ба,”Құс жолы” астында,
Қырықтан бір қыдырым,
Мыңнан бір құтым-сен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу