Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  104


Автор: Баймаханбет АХМЕТ

Аманат

Бейбіт күн, ашық аспаным,
Мыңсайран күйлі дала, бақ
Оғылан ұл еңіреу жастағы -
Тәуелсіздігім, саған аманат!
Атадәстүрім, тіл, ділім
Аманат, саған жүк арттым!
Еуразияның кіндігі


Бозоқта, рухым, мұнарттың.
Ересейгенің білінді,
Өтерсің әлі мың сыннан!
Көк байрағыңды, туыңды
Шығармассың-ау уысыңнан.
Жиырмаға толды екен деп,
Жүктеген саған сенім бұл!
Тұғырыңды болсын бекемдеп,
Барыс текті ұлан, белің бу!
Бесігіңді кеше тербеткен
Ойыңда болғай он-сан ұлт,
Танылған аты жер-көкке
Болашағыңа жол салып!
Өстің сен гүлдей күн санап,
Жеткіздім әділбұлыққа!
Ұлтына қамқор ұл санап,
Ұлықтағанымды ұмытпа!
Бас білдір уақыт – тарпаңды,
Қолыңда, міне, тізгінің.
Сүйеймін саған арқамды,
Аяулы Тәуелсіздігім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу