Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  82


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Өмір сені сүйемін

Маңдай теріммен тындырған
сарқа күшімді,
Жоқ етпек болды біреулер қаншама ісімді.
Сүрінсем дағы кей кезде, түңілсем дағы,
Өмір сенің сүйемін арпалысыңды.
Жүрсе де кейде күншілдер тілдеп мені көп.
Бəз біреулердей масыл боп
` күн кешкенім жоқ.
Жайлы орын іздеп,
мансап пен байлықты ойлап,
Жоғарыдағы дөкейді жыр еткенім жоқ.
Қасымда жүріп, бір тірлік кешкенімізбен,
Алдады мені талайлар беттері күлген.
Соңыма түсті, құрдымға батырмақ болды,
Безеріп алып, аяулық етпеді мүлдем.
Əділдігі жоқ заманда торға да түскем,
Табалаушымнанмен тұрдымсонда да үстем.
Құдіретті күш жарыққа шығарды мені,
Жан емес екем маңдайға сор ғана біткен.
Шықтым да аман ешкімге сырымды
ашпадым,
Қара бұлттар ыдырап, құбылды аспаным.
Қайратыма бекініп кірістім іске,
Үзілмесін деп алдағы
ҒҰМЫР-ДАСТАНЫМ.
О, тағдыр, жоқ қып жібердің
қанша арысыңды.
Əлі де талай көрермін қалтарысыңды.
Сүрінсем дағы, кей кезде түңілсем дағы
Өмір сенің сүйемін арпалысыңды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу