Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  142


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Ана сөзі

Менің құлын бүлдіршін кезім еді.
Бүгінгідей ол маған сезіледі.
Алғаш мектеп барарда анам маған,
Əдемі жейде тігіп беріп еді.
Уақыт, көмескілеп, кес-кестеме
Ол күндер естен шығып кетпек неге?
Ең тұңғыш баласындай алтын анам
Өзі ертіп барып еді мектепке де.
Алдымда өмір тұрды сұрағы көп.
Осылай біздер алғаш қуанып ек.
Мен «бестік» алсам анам жадырайтын
«Бір жерден осы балам шығады», – деп.
Жылжыды алға жылдардың зымыраны
Көз жұмды анам таусылып тұзы-дəмі
Мейіріммен аялап үміт артқан
Естігендей боламын үнін əлі.
Сенімінен анамның шыға алдым ба
Өрге бастым, көп мақсат тұр алдымда
Қут берер бойыма серпілтіп бір
Анам сөзі кез-келген сын алдында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу