Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  115


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Жылдар, жолдар

Демесам де көңілім шат бүгінде
Дəмін таттым ащының тəттінің де.
Жылдарыммен жырларым үзілмесін
Жолдар мені бастай бер жақсы күнге.
Бейбітті өмір еліме ырыс толсын
Бақыт келіп төріме күліп қонсын.
Жылдар,жылдар шат күндер жадымызда
Қайғы мен мұң легіңде ұмыт болсын.
Күйе жағып,біреулер жала жауып
Нақақ күйіп, жаным жүр жараланып.
Ақ қарыңмен Жаңа жыл, тазарт бəрін
Жамандықты аязбен сабап алып.
Жолым менің, жүрсем қай қиырыңда
Арқалаған ар жүгі иығымда
Адамдықты кіршіксіз серік еткін
Арамдықты тұншықтыр тұйығыңда!
Тағы бір жыл құшағын ашты бізге
Деп тілейік жазсын тек шат күлуге.
Жылдарыммен жырларым үзілмесін
Жолдар, мені бастай бер жақсы күнге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу