Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  91


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Менің тұғырым!

Төзіміммен тастай берік мына мен
Тағдыр, сенің сан сыныңа шыдап ем.
Елдосымның қасіреті болмаса
Бұл өмірді тек шаттық деп ұғар ем.
Алған сайын қанағаты өзгерер
Жандар аз ғой тəубе деуді жөн көрер
Шын бақыт ол-қасіретке тап болмау
Бірақ соны түсінбейді-ау, пенделер.
Шіренумен кілең дөкей, желөкпе
Байлығымен түсіп жатыр егеске.
Біле-білсек бар қазына,бар байлық
Ұрпағыңның амандығы емес пе?
Жайшылықта ұғар дейсің мұны кім?
Кішік болмай шіреніп жүр ұлығың.
Мещандардан басқа тіптен ұғымым
Сондықтан да биік менің ТҰҒЫРЫМ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу