Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  148


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Өмір, өмір арпалыс

Тырбанумен жаңа туған нəресте
Ана төсін іздеп түсер əлекке.
Құйтақандай тіршілікке байқасаң
Арпалыстың басталғаны емес пе?
Бір-бірінен мол алсам деп үлесін
Адамдарда басталады тіресу
Жауыздыққа кетпейін деп құрбан боп
Өмір деген өмір үшін күресу.
Əбіл, Қабыл заманынан жалғасып
Адамды адам жою деген бар кəсіп
Қоғам азса, шайнасады пенделер
Бір-бірінің жағасына жармасып.
Қарау ойлы жамандығын жасап сан
Залымдар жүр тасадан кеп тас атқан.
Жалған жала құрбаны боп бүгінде
Талай адал күйіп кетті-ау,нақақтан!
Жан-тəніңмен терің төге, сарқа күш
Тырбанумен бітірсең де қаншама іс
Бəрі,бəрі желге ұшады əп сəтте
Аяғыңды бассаң болды сəл шалыс
Өмір,өмір-екінші атың-АРПАЛЫС!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу