Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  94


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Нәубетке лағнет

Тап келген қырсық заманның
тартып нəубетін.
Қуғын мен сүргін талауға түсіп дəулетің,
Қатыгездіктен жоқ болып кете жаздаған,
О, менің қайран асыл да текті Əулетім!
Елдікті ойлап, жайылған көпке атағы,
Өркендеп өскен рулы ел боппыз аталы.
Жаркент маңын дүрбелең жылдар
ойрандап,
Бейбіт өмірге төніпті қатты қаһары.
Кірмелер қаптап, отарлап əсем өлкемді.
Əкіреңдеген би болып өңшең «белсенді»
Қилы бір заман орнаса дағы басыңа,
Ер бабам менің, тік ұстапсың-ау еңсеңді.
Билеген үрей, жұрт түсті күйге əбігер.
Тыныштық кеткен, береке кеткен бəрінен.
Күн бермеген соң белсенділердің құқайы,
Қытайға қарай үдере көшті қалың ел.
Тəуекел етіп, сəттілік тілеп жолына,
Үдере көшті бағы ма əлде соры ма.
Таң мезгілінде қоршады қару асынған
Атты əскерлер, түскен-ақ екен соңына.
Жендетке желеу «ат!» деген бұйрық
болғасын.
Сұр винтовкадан ажал боп ұшты қорғасын.
Ұрпағың үшін оққа ұштың сонда ер бабам,
Дір етпей қолы сені атқан жауыз оңбасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу