Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  95


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Жаратқанның осы екен кесімі анық

Жаратқанның осы екен кесімі анық,
Сен қиылдың, мен қалдым есім ауып.
Алатаудың қойнына жаттың барып,
Биік шыңын ескерткіш етіп алып.
Қоюшы едің алдыңа сан арманды.
Жарық күнің амал не тамамдалды.
Көкелейді Құралай, Алтынайың,
Айырылып жүрегі анаң қалды.
Аларында келе ме өлім айтып,
Ағылуда адамдар көңіл айтып.
Ағылуда адамдар көңіл айтып.
Оның бəрі жұбатсын мені қайтіп?!...
Өзің барда өмірім ажарлы еді
Қансыратып кетті ғой қазаң мені.
Қабіріңді құшақтап өксіп қалу,
Бұл дүниеде тартатын жазам ба еді?!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу