Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  398


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Жаркент жыршысы

Өшпейтұғын артыңда ізің қалды.
Асыл бейнең асқақтап , тұғырланды.
Кеткеніңмен өткінші бұл өмірден
Қауышады халқыңмен жырың мəңгі!
Жасын дағы тəнті еткен кəрісін де
Өнегесі болыпты əр ісіңде.
Өзің ақын болған соң өзің сазгер
Көкке өрлеттің «Жаркент вальсін»де.
Өмірің біте қайнап мектебіңмен
Текке күлген емессің текке жүрген.
Өлеңде де ұстаздық ете біліп,
Талай ақын шығардың шекпеніңнен!
Бəзбірудей сөзіңмен шошындырып,
Көрсетпедің ешкімге тосын қылық
Қолда барда алтынның қадірі жоқ
Қолдан шығып кеттің-ау, өкіндіріп!
Ақын жанын айтқызбай кім түсінед?
Алыстың да өмірде қырқысы көп.
Атасақ та болады бір өзіңді
Жазиралы Жаркент Жыршысы деп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу