Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  59


Автор: Шаяхмет Оразымбекұлы

Сен мені, жаным, іздеме

Сен мені, жаным, іздеме
Көктемде, жазда, күзде де.
Хабарсыз кетсем егерде,
Жүрегі неткен мұз деме.
Шөлдей бір жаңбыр аңсаған,
Өртеніп жаның, қалқажан.
От-жалын құшқан күй кешсең,
Тамшы боп тамам мен саған.
Табылмадың деп қасымнан
Налыма босқа асыл жан.
Аптапта салқын жел болып,
Сипап бір өтем шашыңнан.
Жетуге саған тырысам,
Мен сені қалай ұмытам?
Таң нұрымен бірге еніп,
Бойыңды сенің жылытам.
Қосылмаймыз-деп біз неге?
Сен мені, жаным, іздеме.
Сезе алсаң, сəулем, біргемін
Көктемде, жазда, күзде де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу