Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  106


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Әсияға ескерткіш

Аққу ұшты көлінен! Көл таппады!
Көлге қонар, əйтеуір, жол таппады!
Əн-құмар, өлен-құмар жүрек еді ол,
Жетер жерге жете алмай-ол тоқтады.
Ол аққу да, басқалар қаздар еді,
Жетелейтін көктем мен жазға мені.
Тас боп кеткен, сағынбас жүрегіме,
Басқалардан табылмас саз бар еді.
Көзі күлген аяулы құрбым еді,
Сезімімен көтеріп жүрді мені.
Айта алмаған сөзімді жыр қып еді,
Тікендердің ішінде бір гүл еді.
Сүйгем сені, сүйгемін, сүйе берем!
Қабіріңе басымды ие келем.
Жүрегімнің төрінде тірі тұрсың,
Жалғыз өзім оңаша иеленем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу