Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  114


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ғарышкерлер қамқоры президентім

Аспанға ұшты екі ғарышкерім,
Космоспен бұрын қазақ таныс па едің.
Ғарышқа қазақ ұша алмайды деп,
Байланды бөрі білек, барыс белің.
Тоқтарым ұшқан кезде Байқоңырдан,
Төрінен Күн күлімдеп, Ай табынған.
Бабадай бата берген Ұлы Дала,
Айналдым, Атамекен байтағымнан.
Тоқтарға Талғат келіп серік болды,
Қазақтың батырлығы берік болды.
Аялы Қазақстан туған жердің,
Төсіне аман-есен келіп қонды.
Шырқатып көктен Талғат батыр əнін,
Ардақтап Атамекен топырағын.
Тоқтар да, Талғатым да таңғалдырды,
Ресейлік ғарышкерлер отрядын!
Ай менен Жұлдыз болып жолдасымыз,
Айды аспанға шығарды Елбасымыз.
Ғарышкер отрядқа тағы да екі,
Қабылданды қаракөз қандасымыз.
Енді біз көкте шырақ жаға аламыз,
Ғарышқа айлақ болған даладамыз.
Зымыранмен Галактика биігіне,
Көтерді Қазақ атын жан Ағамыз!
Рас біз, қой баққанбыз, Даладанбыз!
Ой да бағып жұлдыздар санағанбыз.
Аз жылда Айды игеріп, Күнді сүйіп,
Ғарыштық Держава да саналармыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу