Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  145


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

«Евразия» авторы- президентім

Мойындады ағылшын да, орыс та,
Азиямен сөйлесуге ол ұста.
Евразия –жаңа идея авторы,
Қазақстан-ұқсар бесік қонысқа.
Мұсылманның елдерінде көп болып,
Бауырластар тірлігінен от көріп.
Саясаттың сан сауалын қауіпті,
Сараман ой, ақылынан өткеріп.
Арадағы жанжалдарды жауып жүр,
Уақыт, ақыл барлығына тауып жүр.
Европаның гүл жайнаған бизнесін,
Қазақстан шөлдеріне сауып жүр.
Саясатың –таусылмайтын майдан бұл,
Талай қулар қызыл тілмен сайрап жүр.
Америкадай алпауытпен тіл тауып,
Президент қыл суырғандай майдан бір.
Ақыл деген Елбасыда бұла күш,
Əр сөзіне таңырқаумен тұрамыз.
Англия, Франция, Германия-
Тəнті болды, білгір елдер сынағыш.
Саяси бір ұсыныстар қозғасын,
Дипломаттық шеберлікке ол да сын.
Кей керауыз сын айтады көп іске,
Көтере алмай жүрсе дағы өз басын.
Президентім –басқалардан биік тұр,
(Десек -дағы саяси от күйіп тұр).
Мейманасы тасығандар бəрібір,
Асқақ басын Ағамызға иіп тұр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу