Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  121


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ордабасы. Үш президент. Ұлы достық.

Ордабасы -Ел жадында жаңғырған,
Салтанатын орда тігіп, хан құрған.
Үш Президент қол алысып, мəміле қып,
Ұлы қазақ Даласы оны əн қылған.
Қуаныштан сылқ-сылқ күлер сулар да,
Тау тебіреніп, сыбдырлады нулар да,
Аспан асты шын бақытқа кенелді,
Үш Президент құшақтасып тұрғанда!
Төле бидің төрелігі түсті еске,
Үш би-қазақ кілемінде үш кесте.
Қаздауысты Қазыбек пен Əйтеке,
Үш тіл-Балға соғылғандай бір төске.
Ынтымаққа шақырғандай үш Баба,
«Туысыңа қарама деп сұстана». «Бірлік барда тірлік бар» деп тұрғандай,
Бас қосқанда –Ташкент, Бішкек, Астана.
Мəре-сəре ел ақ түйенің қарыны,
Ордабасы баурайында жарылды.
Хандар кеңес құрған заман жалғасын,
Ел Нұрекең тірлігінен таныды.
Байлықта емес, ынтымақта мəселе,
Татулық пен Достық керек жас Елге.
Ұлы үш бидің ұлағатын Нұрекең,
Таратуда бүгін жəне кеше де!
Қаумалады, тұзын берген, мол елі,
Нұрекеңнің Нұр-сөзінен дəмелі.
Билерінің аруағына бас иген,
Бұл ісіңде зор мағына бар еді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу