Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  100


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Сегіз қырлы, бір сырлы президентім

Көп Əкім отырғанмен жоғарыда,
Кішіпейіл, Президенттей болады ма?
Шымбұлақтың шыңына ертіп барып,
Шаңғы тебуді үйретер қонағына!
Келгенде сыншыл мейман, текті қонақ,
Корттарда теннис ойнап, доп қуалап.
Спортқа құмарлығын көрсетеді,
Тек көкпар тартпайтынын отты қазақ.
Дəстүрді қалдырмастан қалтарыста,
Уақыт тауып саяси арпалыста.
Қазақы той белгісін тамашалап,
Құмартып отырады ат жарыста.
Болған соң салт-өнеге мақтанары,
Қолына домбыра да ап қалады.
Əн айтып, өлең жазып, би де билеп,
Сахнаға шығып кетуге шақ қалады.
Елді тіктеп кешегі қирап жатқан,
Қымбатшылықты жұмсартып қинап жатқан.
Елбасыға тағдырдың тартуы көп,
Бір қырлы, сегіз сырлы қып сыйлап жатқан.
Түсініп Президент жүрегін сен,
Насихатын құлаққа іле біл сен.
Отызда орда, қырықта қамал бұзған,
Жігіттің сұлтаны ол, біле-білсең!
Алда көп Елім басар жолдар əлі,
Бұл бақыт оңайлықпен орнамады.
Кейінгі жас толқындар əрқашан да,
Президенттен үлгі алса жөн болады!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу