Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  134


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Мақтаралдықтардың мақтанышы

Ақ алтынға оранған ақ даланы,
Араласам, Ел сырын ақтарады.
Сырдың екі бетіне салған көпір,
Есінде бар халықтың сақталады.
Өзгеге байландырмай тағдырыңды,
Көпір сап, өткізуде бар жүгіңді.
Анадан асып туған Ер Нұреке,
Осылай бір таныттың Нарлығыңды.
Өзгенің қиқаңына бас имедің,
Қайрат қыл деп қолдады қасыңда Елің.
Ұлы Достық көпірімен Президенттің,
Келеді ғасыр жүгін таси бергім!
Асан мен Қорқыт бабам Жерұйықты,
ЖиделіБайсын ғой деп ой түйіпті.
Еңкеймей көрші алдында бойды тіктеп,
Жүрміз біз керіп кеуде, кең иықты.
Сыр бойы-жаңа көпір, жаңа заман,
Дос күліп, дұшпан күйіп аралаған.
Қазақстан –ұлы ел, ал Президент,
Дана екенін Көрші де бағалаған!
Бізден үлгі алуда қарап қалмай,
Қазақстан жағынан таң атқандай.
Өзбек, орыс үлгі алып жатыр бізден,
Нұрекең өз нұрынан таратқандай!
Көтеріп алтын басты Нұр данасын!
Қазақтың қала еткен құм даласын!
Аспаннан айды əкеп қондырғандай,
Нұреке, шын данасың, шың-дарасың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу