Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  107


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ақ патша әбден лайық

Ақынмын-аяқ кетпес тайып төмен,
Адамға жабылады айып неден?
Мен өзімнің аяулы Президентіме,
Ақ патша деген сөзді лайық көрем.
Біреулер шындап құлақ салса маған,
Ақ патша деген сөзді ар санаман.
Апыр-ау айтыңдаршы, бостандықты,
Дүниеде қазақ бар ма аңсамаған?!
Ағайын, сөзім тыңда олқысынбай,
Азаттық-Аллаһымның алғысындай.
Қазақстан –Егемен Ел жасасын,
Көктегі алып күннің жартысындай.
Бұлақтай сылдыр қағып тербелемін,
Елдікті айта берсін енді өлеңім.
Аллаһым Қазақтарға бақ қып берген,
Нұрекеңді мен Нұрға тең көремін!
Жау жүрек салтыменен бабалардың,
Батыры-дəл осынау замананың.
Мыңмен жалғыз алысқан Нұрекеңе,
Мақтасам талай теңеу таба аламын.
Өлеңді отырғам жоқ ермек етіп,
Ақ патшам, отыра бер төрде бекіп,
Жаңаша Қазақстан, Ел –тарихын,
Жасауда өз қолымен дөңгелетіп.
Дүйім Ел таныған соң Нұрлы Ағаны,
Тарихи істерінен үлгі алады!
Атағың аса берсін, Қазақ Халқым!
Байлық пен баса берсін Гүл Даланы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу