Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  131


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Қайрат Рысқұлбековке

Өмірден жас кеттің, білемін,
Халықпен бір соғар жүрегің.
Қаһарман атандың, намыстың,
Жалауын көтерген түлегім.
Бүгінде ескерткіш – тассың сен,
Жассың сен, бірақ та бассың сен.
Қазаққа қолдарын көтерген,
Жауыздың кеудесін бастың сен.
Бұл өмір тұрады күрестен,
Кем қалған жоқсың сен үлестен.
Қабіріңде бұл күнде гүл өскен,
Ұрпақ көп артыңнан ілескен.
Желтоқсан шықпайды бір естен,
Қар-мұзда қазақтар тірескен.
Мың жылда өлмейсің, халқыңды,
Мұз басып кетпесе сірескен.
Менің Президентім
Сөз басы
-1-
Ал енді тілімнен бал сорғаласын,
Қызыл тіл жүйрік аттай жорғаласын.
Жырламай Отанымды қалай жүрем,
Басыма бақыт құсы орнағасын!
Бақыт құс кетпесе екен бесігімнен,
Барысты-босағамның сесі білгем.
Айбарлы ай мүйіздім, көшбастаушым,
Айналдым, Президент, есіміңнен!
Шарқ ұрған шовинистік толқындардан,
Тəңір сақтап, енді одан қорқу қалған.
Мен сенің шабысыңнан айналайын,
Теміртау балғасындай солқылдаған.
Аруақ сыйлап еске алып кəрі атамды.
Халқына ұшырғандай балапанды


Қаз-қаз тұрған салттарға демеу болып,
Ұйқысыз өткіздің-ау, ала таңды.
Басымнан бақыт енді арылмасын,
Ақ түйенің қарыны жарылғасын.
Теміртау домнасының оттарындай,
Жүрегің жүзден асып жалындасын!
Орысшамен орысты дал қыласың,
Қазақшамен ел айызын қандырасың.
Домбыраны қолға алып, өлең жазып,
Күй тартып, ел бірлігін əн қыласың.
Жауларыңа қырандай шаншыласың,
Дейді ғой ата алмаса-аңшыға сын.
Жиырма бірінші ғасыр бұл-біздің ғасыр,
Қазағымның майлайтын қанжығасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу