Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  650


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Дінмұхаммед Қонаевқа

Атажан, асыл жан ең, қыраным ең,
Дүбірлі ел басқарған пырағым ең.
Қуаныш, думанды еді жүрген жерің,
Өмірдің маздап жанған шырағы ең.
Өмірге ғашық жан ең, іңкəрім ең,
Саңқылдаған көк сəні Сұңқарым ең.
Қауышып қол ұстасып жүре бергін,
Жиырма бірінші ғасырдың ұрпағымен.
Егемендік нұрлы күн, тұңғыш рет,
Арай құйған өңірге нұрлы сурет.
Дүниеден өтсең де, жүрсің ата,
Туған елге тілекші бір кісі боп.
Қалап – бейбітшілікті Отанымда,
Жасыл белдер, тау менен жота, құмда.
Алдағы арман таңымдай асыл бейнең,
Асқар таудай, тұрады қатарымда!
Шапағатым – шаттығым, арман үшін,
Қазағыңның көтердің Ар, Намысын!
Жүрек сырын ақтардың өз ұлтыңа,
Шамаң келмей кей іске қалғаны үшін!
Жүрегі бір, халқымен жаны бірге,
Қатар жүріп беретін əмірін де!
Қарапайым өзіңді ұлтың сүйді!
Қызыл гүлдер өсіп тұр қабіріңде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу