Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  94


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Ардақтымыз Нұрсұлтан

Жүзінен мейірімі күлімдеген,
Көркінен көрген адам түңілмеген.
Шет елге де қадірлі ардақтымыз,
Өмірдің сындарынан сүрінбеген.
Егемен Отан үшін барын берген,
Қазақтың намысы үшін жанын берген.
Желбіретіп Астана туын тігіп,
Ентіккен дұшпандарға сабыр берген.
Заманмен бірге түлеп туындаған,
Қазақстан бағыттан бұрылмаған.
Саясат майданынан озып алға,
Қазақ емес, түркі үшін шырылдаған.
Ел басы, ту етіп даңқыңды біз,
Еліңде егеменді шалқып жүрміз.
Таң мен түнде жол бастар Темірқазық,
Қазақтың маңдайында алтын жұлдыз.
«Бидай мен Қала туды тың даламыз,
Өзіңді үлгі етіп шыңдаламыз.
Ғасырдан ғасырларға ұрпақтарға,
жалғайтын тағылымыңды біз боламыз!»
Деп ұрпақ келе жатыр алмас қыран,
Барыстай – шөлден өтіп, тауды астырған.
Дейді олар: «Нұрекеңнің жолы нұрлы!»
Ақ жолын Абылайдың жалғастырған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу