Өлеңдер ✍️

  19.05.2022
  650


Автор: Мылтықбай Ерімбетов

Махамбет Өтемісұлына

Жастайыңнан ерлік дедің,
Еркіндікті аңсап өттің,
Қарсы тұрдың жеңілмедің.
Бірлікті айтып, жар сап өттің.
Ойы шалқар, саналы ақын,
Жыр-дария арнасысың.
Ескірмейтін, жаңаратын,
Зергер сөздің сен басысың.
Қатал, зəрлі заман да онша,
Бастырмады қадамыңды.
Қапаста өтті амал қанша,
Көре алмадың арманыңды.
Жендеттің болдың құрбаны сендер,
Кісенді салды аяққа.
Халықтың ерен ұлдары – сендер,
Толқын боп туған Жайықта!
Сенен тағдыр айныды,
Қорқауды қорқау қолдады.
Айлалы тəсіл əйгілі,
Сілтеді арттан қанжарды.
Өшпеді даусың өрледі,
Қазағың сені жебеді.
Ғасырлар самғап өтсе де,
Жырларың сенің өлмейді.
Жырларың мəңгі жасайды,
Тереңде оның тамыры.
Ұлылар салған қашанғы,
Ұлы жол мəңгі, анығы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу